Өңірде картоп бағасы әлі шарықтап тұр. Көтерме сауда орындарында өнімнің бағасы 300-350 теңге. Оған кәсіпкерлер 15 пайыз өзінің пайдасын қосып, 370-400 теңге аралығында сатады. Осыған орай әкімдіктегілер сауда орындарды аралап, бағаны қадағалады.