Амал-мерекесінің қарсаңында "Отпан" тарихи-мәдени кешіні мен Ақтау қаласында бірқатар шаралар өтпек. Маңғыстаудың Қараойдағы ең биік шоқы Отпан тауда бірлік оты жанады. Наурыздың 14-і күні, жастар үлкендерге барып  көрісу Маңғыстаулықтардың дәстүріне айналғалы қашан? 18-ші рет өтетін  Амал мерекесі, төрт жылдан бері халықаралық деңгейде аталып келеді. Санаулы күннен кейін өтетін шараға Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларының өнерпаздары қатысады.