Мұнайлыда салынып жатқан аурухана аяқталуға жақын. Осыдан 3 жыл бұрын құрылысы басталған ғимарат жуық арада пайдалануға берілмек. Бүгін "Аманат" партиясы облыстық, аудандық филиалының өкілдері құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіп, жасалып жатқан жұмыстармен танысты.