Маңғыстаулықтар Амал мейрамын бастап кетті. Қытымыр қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-бірімен қауышып, мал-жанның амандығын сұрасып, көрісу күнін тойлауға көшті. Бұл дәстүр маңғаз өлкеде әуелден сақталып қалған. Биыл да кәрі Каспий жағасындағы жұрт жылдағы әдеттен жаңылмай, Маңғыстаудағы ең биік шоқы саналатын Отпан таудың басына жиналды. Ол жерде маңғыстаулықтар киіз үй тігіп, қазан көтеріп, екі күн тойлайды.