Теңге ауылының әкімі сайланды. Ауыл басшысы қызметіне үміткер ретінде үш азамат тіркелген. Олар жеке кәсіпкер Жалғас Агисов, Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қазыбек Табанбаев және Жаңаөзен қалалық әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Нұрлат Қалпақ. Үміткерлер өзін өзі ұсыну тәртібі арқылы тіркелді.