17-ші шағынаудан 29-шы үйдің тұрғындары жертөледен ашылатын бильярд және спорт барына қарсы. Кәсіпкерлік 9 қабатты үйдің астында орналасқан. Әзірге бильярд және спорт бары да ресми түрде жұмысын бастамаған. Алайда қауіптенген тұрғындар қазірден қарсылық танытып отыр.