Хабарымызды жалғастырамыз. Енді өңір тұрғындары несие қарызы бойынша заңгерлерден тегін құқықтық көмек ала алады. Азаматтар шотты бұғаттау, қарызды қайта құрылымдау, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, алаяқтарға алданған жағдайда жасалатын әрекет бойынша сұрақтарын қоя алады. Ол үшін "qogamfin.kz" сайтына тіркеліп немесе 87008558585 колл центр орталығына хабарласуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ өңірдегі 87782153362 нөмірі арқылы сарапшымен байланысып немесе жергілікті "Amanat" партиясына хабарласыңыз.