Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның қабылданғанына бір жыл. Ақтау қаласы ПБ "Отбасы тұрмыстық зорлық-зомблыққа қарсы күрес" бөлімшесінің мәліметінше, биыл алғашқы 3 айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 90-ға жуық арыз түскен. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген.