Ақтауға Атырау және Батыс Қазақстан облысының әкімдігінен құралған делегация келді. Сапар мақсаты - әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің қару-жарағы, техникамен танысу. Сонымен қатар, көрші өңірден келген әскерилер отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздармен кездесті.