Ақтауда еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Бұл науқан халықтың жұқпалы аурулардың алдын алуға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін бағытталған. Нөмірі 2-ші емханада мамандар ата-аналармен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.