Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Қазасқтан халқы ассамблеясының өңірлік мүшелерімен кездесу өтті. Шараға 100-ге жуық Ассамблея мүшесі, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің өкілдері, этномедиаторлар және қоғам белсенділері қатыстыі. Жиынға келгендер атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өңірдегі қоғамдық келісімді нығайту бойынша алдағы жоспарларды талқылады.