Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнара Хайрлиеваға қатысты тәртіптік іс қаралды. Кеңес мүшелері бөлім басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарды.