Ақтауда салынып жатқан 119 тұрғын үйдің 33-інде заңсыз құрылыс жүргізілген. Сот осындай шешім шығарды. Оның ішінде 5 нысан сүріліп, тағы 5 нысан техникалық талаптарға сәйкестендіріліп, пайдалануға берілді. Қалған 23 үйдің мәселесі бойынша әкімдік тарапынан құжаттарды рәсімдеу шаралары қолға алынды.