Өткен жылы өңірде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша полицияға 1600-ден астам хабарлама тіркеліп, қаралды. Отбасы тыныштығын бұзған 720-ға жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.