Алдағы 4 жылда еліміздің теңіз порттары арқылы жүк жөнелту 3 есеге өседі. Яғни Ақтау және Құрық айлақтары жылына 22,3 миллион тонна жүкті әуелі Азияға одан әрі Еуропаға жіберіп отыр. 2030 жылы көрсеткіш 60 миллион тоннаға жету үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымды толық қамтитын кешенді жобалар іске асырылады.