Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалында жаңа төраға тағайындалды. Филиал тізгінін ақын, журналист Анар Шамшадинова қолға алды. Жаңа басшыны көпшілікке Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы таныстырды.