Маңғыстаулық еріктілер медицина қызметкерлеріне өздері дайындаған тәттілерін сыйлады. «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен Ассамблея жастары өңірдегі денсаулық сақтау саласының мамандарына қолдау білдіріп, кондитерлік өнімдер таратты.