Облыс әкімдігінде санитариялық қауіпсіздік, азық-түлік тұрақтылығы және спорт инфрақұрылымы мәселелері қаралды. Кеңесте облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстарының барысы талқыланды. 2025 жылы жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау, қызылша және ішек инфекцияларының өсуі тіркелген.