Ақтауда көктем мезгілімен қатар келетін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында «Көктем - 2026» республикалық командалық штабтың оқу-жаттығу жиыны өтті. Ауқымды шара көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындықты пысықтауға бағытталды.