Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында азаматтық қорғаныс жүйесінің жай-күйі, шомылу маусымындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік, бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметті енгізу мәселелері талқыланды.