Ақтаулық 6 жасар Ләйләнің балалығы бір сәтте тас-талқан болды. Көшеде алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршінді көлік қағып, ауыр жарақат алған. Салдарынан денесінің көптеген сүйегі сынып, бірнеше ай төсекке таңылған балақай әлі күнге дейін еркін жүре алмайды. Ал рөлде болған жас жігіт бостандықта жүр.