Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғындары "бірнеше айдан бері газсыз отырмыз" деп шу шығарды. Айтуларынша, өткен жылы 32-ші шағын ауданы, Асия тұрғын үйінің жертөлесінде газ жарылған. Оқиғадан кейін мамандар дүмпудің нақты себебін анықтау үшін аула аумағын қазып, тексеру жұмыстарын бастапты.