Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» басқарма төрағасы Фархат Сарсекеевті қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту тетіктері, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын жан-жақты талқылады.