Маңғыстауда 26 жастағы азамат алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды. Күдікті Қарағанды қаласында пластикалық терезелер орнату қызметін ұсынып, тапсырыс берушілерден алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған.