Егіз сарбаз әскерден оралды 06.04.2026 20:54 Қызан ауылында бір әулеттің егіздері Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне оралды. Перзенттерін сарғайып күткен ата - ана үшін бұл - қуанышқа толы ерекше күн. Әскерде шыңдалып қайтқан қос сарбазды ауылдағы ағайындар қарсы алды.