Жеңіл өнеркәсіпке қажетті мамандар даярланады
Ақтауда жеңіл өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған жаңа өндірістік кластер ашылды. Орталық қалалық колледждердің бірінде жұмысын бастады. Мұнда студенттер кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, өндірістік тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады. Жаңа жобаның жұмысы республикалық CaseLab форумы аясында таныстырылды.