Өлке тарихын зерделеген Н.Құлбай - 45 жаста
"Қына басқан тарихтың сырын ашқан". Осындай атаумен маңғыстаулық белгілі өлкетанушы Нұрлан Құлбаймен танымдық кездесу өтті. Басқосуда 45 жасқа толған өлке тарихының зерделі зерттеушісінің ғылыми-ізденіс жұмыстары жөнінде айтылды. Нұрлан Абызұлының күні бүгінге дейін жасаған еңбегі мен болашаққа бағдары да сөз болды.