Тәуелсіздік құндылығы жас ұрпаққа түсіндірілді
Республика күні қарсаңында Жаңаөзенде Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті. Шара барысында қатысушылар колледж қабырғасында өнерлі өрендердің шығармашылығына куә болып, олардың өнерін тамашалады. Республика күні мен Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған шарада желтоқсаншылармен Тәуелсіздік құрдастары жастарға ел тарихындағы азаттықтың қадірі мен елдік құндылықтардың маңызын жеткізді.