Ақтауда кезекті экологиялық акция өтті. Қала әкімі мектеп оқушыларымен бірге ағаш отырғызып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаға қолдау көрсетті. Шара барысында жас ұрпақты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсат етілді.