Мұнайлы ауданында жекпе-жек ұрысынан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтіп жатыр. Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан келген әскери қызметшілер өзара кіл мықтыны анықтауда. Сайысқа іріктелген тәжірибелі сарбаздар қатысып, түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынауда.