"Бірнеше жылдан бері құжаты жоқ үйде тұрып жатырмыз". Ақтаудағы 19А шағын ауданында орналасқан "Самғау" тұрғын үй кешенінің тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Айтуларынша, пәтерлерін сатып алғанына бірнеше жыл өтсе де, әлі күнге дейін баспананың заңды құжаттарына қол жеткізе алмай отыр.