Маңғыстау тарихының ең маңызды нүктелерінің бірі - Таушық шахталарының орны. Уақытында Шахтаға теміржол тартылып, тіршілік қайнаған екен. Соғыс уақытында КСРО-ның орталық аймақтарынан отын жеткізу қиындаған соң, Каспий флоты мен жергілікті өндірісті отынмен қамтамасыз ету үшін Таушық көмірі стратегиялық маңызға ие болыпты.