Жаңаөзен қаласында еліміздің батыс өңірлерінен келген дарынды студенттер мен сарапшылардың басы қосылған «BATYSSKILLS MANGYSTAU-2026» өңіраралық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс үш күнге созылып, сексенге жуық студент он құзыреттілік бойынша бақтарын сынады.