Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің кемелерін алдағы жазғы кезеңге жоспарлы дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Әртекті кемелер дивизионында хабарланғандай, жүргізілген жұмыстар барысында кемелердің жылы мезгілде сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған толық техникалық шаралар кешені орындалды.