Маңғыстаулық түлектер республикалық эко-челледжге белсене үлес қосты. Күннің суықтығына қарамастан Батыр ауылындағы саябаққа жүздеген жеміс және тал көшеті егілді. Осындай игі іс Бейнеу ауданында бір мезгілде атқарылды. Балалар алма, алмұрт, алхоры, өрік өскіндері толық өсіп-жетілгенге дейін күтімін бақылайды.