Тектілік тамыры - аналар тәрбиесінде. Осындай атаумен Жыңғылды ауылында аудандық аналар форумы өтті. Тағылымды шараға ауданның ардақты аналары, көпбалалы аналар, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Форум барысында отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды.