Ақтауда алғаш рет кітап жәрмеңкесі өтті. Облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы кітапханада ұйымдастырылған ауқымды шараға елімізге белгілі ақын-жазушылар мен республикамыздың түпкір-түпкірінен баспа өкілдері келді. Кітапсүйер қауым авторлармен жүздесіп, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі болды.