Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, көрнекті ақын Светқали Нұржан мен Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, әнші-сазгер Есенбай Құлиевтің «Жыр мен саздың жарасымы» атты шығармашылық кеші өтті.