Маңғыстаудың табиғатын насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында Қызылсай мен Бозжыра аралығында ауқымды велошеру ұйымдастырылды. Шараға еліміздің әр өңірінен белсенді жастары, спорт сүйер қауым және тұрғындар қатысты. Жалпы саны 120 адам велосипедпен 150 шақырым қашықтықты еңсерді.