Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Қазақстандағы экологтардың кәсіби мерекесі. Осыған орай Жаңаөзенде ашық аспан астында экологиялық концерт ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - жастар мен тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.