Ақтауда Мемлекеттік рәміздер күніне орай сауда үйінде мерекелік шара өтті. Іс-шараны «Аманат» партиясының өкілдері мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Акция барысында қала тұрғындары мен жастар Мемлекеттік Әнұранды орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.