Ақтауда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың төрағалығымен жиында отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға және демографиялық саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.