Облыстық кітапханада қоғам қайраткері, ақын, сәулетші Сайын Назарбекұлының 85 жасына арналған кездесу кеші өтті. Тағылымды шарада зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері мен оқырмандар бас қосты. Кеште жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен ел руханиятына қосқан үлесі насихатталды.