Облыстық кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылда мені, Әлем» кітабының тұсаукесері өтті. Басылымда өмірден алынған шынайы оқиғалар, авторлардың жеке тәжірибесі және ерекше жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған практикалық кеңестер топтастырылған.