Облыс орталығында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» тақырыбында республикалық семинар өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары мен мамандары, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген тіл саласының мамандары қатысты.