Маңғыстауда заманауи кеме жасау зауытын салу жобасы талқыланды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түркияның YDA Group компаниясының басшылығымен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін қарады. Жоба аясында азаматтық кемелерді құрастырып, кеме жөндеу және сервистік қызмет көрсететін жоғары технологиялық өндіріс ашу жоспарланған.