Үрімшідегі маңғыстаулықтар сапары сәтті өтуде. 4 күнге жоспарланған ақпараттық тур аяқталуға жақын. Жерлестеріміз Шыңжаңның табиғатына тамсанып, “Боғда” көлін көріп, орталық көшелерін аралады. Экологиялық парктегі ақалтеке жылқыларының шоуын тамашалап, музейге барды. Қытай асханасының дәмін татып, сауда нүктелерінің жұмысымен танысты.