Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Стратегиялық маңызы бар жоба үш жыл бұрын басталған. Алдымен жобалау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы бас мердігер анықталған. Өткен жылдың наурыз айында жобалаудың алғашқы кезеңі аяқталды.