Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр
Қызылсай ауылында жоғалған тұрғынды іздеу жүмысы әліде жалғасып жатыр. 1971 жылы туған Онайхан Ашықбаеваның хабар-ошарсыз кеткеніне бүгін үшінші тәулік болды.Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, жергілікті әкімдік, еріктілер мен ауыл тұрғындары тартылған.Іздеу аумағы күн сайын кеңейтіліп, әуеден дрондар арқылы бақылау жүргізілуде.