Медиация - татулыққа бастар жол
Бүгін - Медиация күні. Осыған орай Ақтауда «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін құқықтық кеңес көрсетілуде.Шараға сот жүйесінің өкілдері, білім басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы және өзге де мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысып, азаматтардың құқықтық мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап беріп, кәсіби кеңес ұсынуда.